НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

77-бап. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде салықтық

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Бөліну және бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде таратудың салық есептілігін ұсынуды қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау оның құқық мирасқорына жүктеледі. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорын, сондай-ақ оның салықтық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру құқық мирасқорының салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгертуге негіз болып табылмайды.
3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың, айыппұлдардың, қосылған құн салығынан асып кетуінің артық (қате) төлеген сомалары, сондай-ақ кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттар ескеріле отырып, осындай тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға, ал қалған бөлігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорына қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде қайтарылуға жатады.
4. Бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға беру актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрған жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) осы Кодекстің 74-бабының 2-тармағында көзделген таратудың салықтық есептілігін;
2) беру актісін ұсынады.
5. Заңды тұлға:
1) бөліну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – тұрған жеріндегі салық органына осы Кодекстің 74-бабының 2-тармағында көзделген таратудың салықтық есептілігін және салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті береді;
2) бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – тұрған жеріндегі салық органына салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті береді.
6. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жүргізілген салықтық тексеру қорытындылары бойынша мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келуі:
1) салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының, сондай-ақ қайтарылуға жататын кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларының болмауы осындай заңды тұлғаның тұрған жеріндегі салық органына бөлу балансын ұсынуы үшін негіз болып табылады.
7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес бөліну және бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға ұсынған бөлу балансы осындай заңды тұлғаға хабархат жібере отырып, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада берешектің болмауын көздейтін, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді салық органының тіркеуші органға жіберуі үшін негіз болып табылады.
8. Салық органы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы нөмірлер тізілімінің мәліметтерін алғаннан кейін осындай заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша сальдоны тиісті салық органына береді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-77/