Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
769-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 734. Порядок и сроки уплаты
· толық сәйкестік кестесі
1. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт аумағында (учаскесінде) өндіруді бастаған кезден және мына күндердің неғұрлым ертерегі басталғаннан бастап төлейді:
коммерциялық табуды жариялау;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өндіру кезеңіне (сатысына) ауысу;
пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру;
пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты жасасу.
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеу жер қойнауын пайдаланушының тұрған жері бойынша бюджетке мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан аз соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылынан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей төленеді;
2) егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға барабар сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей, құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға барабар сомада, ұзақтығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінен артық емес, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлестермен төлейді.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға барабар сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға барабар сомада, ұзақтығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінен артық емес, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.
2. Егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган шетел валютасымен белгілеген болса, онда:
1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн төлемнің теңгемен жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның 1-күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күніне айқындалған валютаның нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардың алдындағы соңғы күнтізбелік күнге белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;
2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарының алдындағы соңғы күнтізбелік күнге белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу төлемі төленбейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-769/