НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

87-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

етуін шектеу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуді салық органы мынадай:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешек сомасы шегінде;
2) деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда – салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларда көрсетілген шағымданатын сома шегінде жүргізеді. Билік ету шектелген мүліктің тізімдемесін жасау салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен жүргізіледі. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық зерттеп-қарау актісімен расталған тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жерінде болмаған жағдайда, билік ету шектелген мүліктің тізімдемесін жасау салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуынсыз жүргізіледі.
2. Мыналарға: тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне; электр, жылу және өзге де энергия түрлеріне; сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдеріне немесе шикізатқа билік ету шектелуге жатпайды.
3. Лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтатылғанға дейін қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге берілген салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкі алып қоюға жатпайды. Жалғыз тұрғынжай заңды күшіне енген сот актісінің негізінде ғана алып қойылуға жатады.
4. Салық органы мүлікке билік етуді шектеген күннен бастап және оның күші жойылғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) шарт талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға, сублизингке және (немесе) қайта кепілге қоюға) тыйым салынады.
5. Салық органы мынадай:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомасын төлеу арқылы өтеген;
2) уәкілетті органның шешімімен немесе заңды күшіне енген сот актісімен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған;
3) тіркеуші орган мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасаған;
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік меншікке қабылдау туралы шешім қабылдаған жағдайларда мүлікке билік етуді шектеудің күшін жояды.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім, билік ету шектелген мүлікті тізімдеу актісі, мүлікке билік етуді шектеуді жою туралы шешім тіркеуші органға жіберіледі және салық төлеушіге (салық агентіне) ұсынылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-87/