НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

89-бап. Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

қолжетімділікті шектеу
1. Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу салық органының интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімі негізінде жүргізіледі.
2. Салық органы интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімді қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания:
1) салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хабарламаны;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хабарламаны орындамаған жағдайларда шығарады.
3. Салық органы осындай шешім шығарылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімді масс-медиа саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
4. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешім келіп түскен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде мұндай қолжетімділікті шектеу бойынша шаралар қабылдайды.
5. Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания осындай шектеуге негіз болған себептерді жойған кезде жойылады.
6. Салық органы:
1) осындай шектеудің себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешім шығарады;
2) интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешімді масс-медиа саласындағы уәкілетті органға осындай шешім шығарылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
7. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешім түскен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде осындай шектеуді алып тастау бойынша шаралар қабылдайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-89/