НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

90-бап. Салықтық әкімшілендіру ұғымы және оның түрлері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салықтық әкімшілендіру – сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу үшін жағдай жасауға бағытталған салық органының және өзге уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-шаралар кешені. Салықтық әкімшілендіру салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып та жүзеге асырылады.
2. Салықтық әкімшілендіру сервистік рәсімдерді құру және салықтық тәуекелді барынша азайту және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі бақылау шараларын қолданғанға дейін салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі алдын алу шараларын қолдану қағидаттарына негізделеді. Осы Кодекстің мақсаттарында сервистік рәсімдер деп салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық нысандарды ұсыну, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, тіркеу есебіне қою мерзімдерінің басталғаны және (немесе) өзге де салықтық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабархат жіберу және (немесе) хабардар ету, оның ішінде ақпараттандыру объектілері арқылы хабархат жіберу және (немесе) хабардар ету түсініледі.
3. Салықтық әкімшілендіру мыналарды қамтиды:
1) салықтық тіркелу;
2) бақылау-касса машиналарын қолдану;
3) салықтық нысандарды қабылдау;
4) салықтық міндеттеменің, әлеуметтік төлемдерді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды аудару жөніндегі міндеттің орындалуын есепке алу;
5) салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту;
6) қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану;
7) камералдық бақылау;
8) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау;
9) салықтық мониторинг;
10) салықтық бақылау;
11) бақылаудың өзге де нысандары;
12) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу.
4. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуіне байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, төленуге тиіс салықтар бойынша қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-90/