НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

91-бап. Төтенше жағдай енгізу және төтенше ахуал кезеңіндегі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

салықтық әкімшілендірудің ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдай енгізілген немесе төтенше ахуал жарияланған кезеңде салықтық әкімшілендіру осы бапта көзделген ерекшеліктермен жүзеге асырылады.
2. Енгізілген төтенше жағдай және (немесе) жарияланған төтенше ахуал кезеңінде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген немесе төтенше ахуал жарияланған жерде орналасқан және (немесе) оларды енгiзуге негiз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен салық төлеушiге салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша берілген кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданылу кезеңінде өсiмпұлдар есептелмейді.
3. Салық органы төтенше жағдай енгізуге немесе төтенше ахуал жариялауға негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен салық төлеушілерге қатысты шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жергілікті атқарушы органдардан осындай салық төлеушілердің тізбесін алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
4. Мыналар:
1) осы Кодекстің 82 және 83-баптарында көзделген қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, сондай-ақ хабарламаларды орындау мерзімдері;
2) салықтық есептілікті ұсыну;
3) салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді тоқтата тұру:
1) төтенше жағдай енгізілген немесе төтенше ахуал жарияланған жерде орналасқан салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты – олар қолданылатын кезеңге;
2) төтенше жағдайды енгізуге немесе төтенше ахуалды жариялауға негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен адамға қатысты – олардың қолданылу кезеңі аяқталған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
5. Жергілікті атқарушы орган ұсынған осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде айқындалған салық төлеушілердің тізбесі осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді тоқтата тұру үшін негіз болып табылады. Салықтық есептілікті ұсынуды, салықтық тексеру жүргізу мерзімінің өтуін тоқтата тұру (немесе) қайта бастау туралы мәліметтер жергілікті атқарушы орган осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде айқындалған салық төлеушілердің тізбесін ұсынған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
6. Салық органы осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде айқындалған салық төлеушілерге қатысты және кезеңдерге салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімін тоқтата тұрады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-91/