НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі – салықтық тәуекелдерді анықтау, оларды барынша азайту жөніндегі шараларды айқындау мақсатында салықтық әкімшілендіру кезінде салық органы жүргізетін іс-шаралар кешені. Салықтық тәуекел – сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалмауының ықтималдығы.
2. Салықтық әкімшілендіру кезінде салықтық тәуекелді азайту жөніндегі шаралар алдын алу және бақылау шараларына бөлінеді. Салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі алдын алу шаралары салық төлеушілерді (салық агенттерін) салықтық нысандарды табыс ету, салықты және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, тіркеу есебіне қою мерзімдерінің басталғаны және (немесе) өзге де салықтық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабардар ету арқылы жүзеге асырылады. Салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі бақылау шаралары камералдық бақылау, электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау, салықтық бақылау және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып та айқындалады. Салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Салықтық тәуекелдерді басқару кезінде алынған ақпарат, сондай-ақ салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібі қолжетімділігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген құпия ақпарат болып табылады. Салық органдарының лауазымды адамдары алынған ақпаратты тек салық органына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады және оларды өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де таратуға құқылы емес. Көрсетілген ақпаратты өзге тұлғаларға, оның ішінде салық төлеушілерге беруге тыйым салынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-93/