СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

223-бап. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

төленетін зейнетақы төлемдері
1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері төленеді.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-223/