ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

73-бап. Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілеріне мемлекеттік органдардың және өзге де адамдардың мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған цифрлық объектілері жатады.
2. Цифрландыру деп процестерді цифрлық нысанға ауыстыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың қызметін автоматтандыру үшін цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.
3. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді цифрландыру:
1) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру, дамыту, сатып алу;
2) мемлекеттің цифрлық архитектурасына сәйкес және жүргізілген процестердің реинжинирингі ескеріле отырып, платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
3) цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Цифрландырудың сервистік моделі деп цифрлық шешімдерге рұқсат беру шарттарында немесе сервис форматында мемлекеттік органның оларды дербес әзірлеуінің қажеттілігінсіз, оның ішінде мұндай шешімдерді кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның балансына беру мүмкіндігімен цифрлық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі түсініледі.
4. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері оларды сәйкестендіру, санаттарға бөлу және уәкілетті орган қалыптастыратын «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінің сыныптауышында сипаттау арқылы жүйелендіруге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-73/