ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

74-бап. «Цифрлық үкімет» операторы

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оператор, заңды тұлға қамтамасыз етеді.
2. Оператор:
1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге және оны қалыптастыру қағидаларына сәйкес «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне цифрлық қызметтер көрсетеді;
3) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді жүзеге асырады;
4) «цифрлық үкімет» платформасында және «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік цифрлық ресурстарды Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес сақтау және өңдеу кезінде сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
5) цифрлық объектілерді және (немесе) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, дамыту және орналастыру үшін «цифрлық үкімет» платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
6) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін «цифрлық үкімет» шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне интеграциялайды және қосады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымына қосады;
7) уәкілетті орган айқындаған цифрлық орта субъектілеріне олардың цифрлық ресурстары мен цифрлық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін бірыңғай көліктік ортаны қосу қызметтерін және байланыс қызметтерін көрсетеді. Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде өзге тұлғаларды тартуға құқығы бар;
8) «цифрлық үкімет» платформасын, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құрады және дамытады;
9) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, басқаруды сүйемелдейді және жүзеге асырады;
10) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды «цифрлық үкімет» платформасында жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;
11) «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін сүйемелдеуді және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғалардың цифрлық инфрақұрылым объектілерін тартады;
12) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, сондай-ақ цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды «цифрлық үкімет» платформасына беруді жүзеге асырады;
13) заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін цифрлық инфрақұрылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
14) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдау бойынша қызметтер көрсетеді;
15) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы не дербес деректерді өңдеу туралы ақпаратты қысқа мәтіндік хабарлама түрінде «цифрлық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетке, «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасына және (немесе) олардың ұялы байланыс абоненттік нөміріне жіберу арқылы хабардар етуді жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-74/