Перейти к тексту документа

2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы

Постановление · № 46 · принят 02.07.2001
Юридическая сила: Действует · редакция от 02.07.2001
https://adilet.kz/ru/laws/2001-ekb-10876/?version=10876_302774.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы Действует Постановление ·№ 46 ·02.07.2001

2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы

ҚАЗ2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы

Действует Постановление ·№ 46 · принят 02.07.2001

Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы
Наименование (каз.)
2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
46
Дата принятия
02.07.2001
Показанная редакция
02.07.2001 · действующая 10876_302774.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
02.07.2001
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V01L0001096
Идентификатор ЭКБ
10876
Идентификатор редакции
10876_302774
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 23:42

0 2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы

Жазғы маусымда облыс су айдындарында азаматтардың суда қаза болуымен байланысты төтенше жағдайларды алдын алу және ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2001 жылдың 28 сәуіріндегі № 92 «2001 жылғы жазғы маусымда Қазақстан Республикасының су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы» бұйрығын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері облыс аумағындағы барлық жағажайларға түгендеу жүргізсін, су айдындарының нақты иелерін анықтасын:

1 1) құтқару құралдарының барлығын және ведомстволық құтқару күзеттерінің жабдықталуын тексерсін;

2

2) облыстық мәслихатының 1998 жылғы 23 қазандағы ХVII-сессиясының шешімімен бекітілген «Су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудың міндетті ережелерінің» талаптарына сәйкес меншік түрлеріне қарамастан құтқару күзеттері жоқ, дайындықтан өткен құтқарушыларсыз және облыстық судан құтқару, санитарлық-эпидемиялық қызметтерінің осыған сәйкес келісімісіз жағажайлар, демалыс орындары мен балалар лагерлерін, жүзу құралдарын жалға беретін пункттер ашуға тыйым салынсын.

2 2. Облыстық телерадиокомпаниясы (О.Әлжік) судан құтқару қызметінің қызметкерлеріне облыс су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін насихаттауға суға түсу маусымы кезінде эфирлік уақыт берсін.

3 3. Облыстық «Сыр бойы» (Ж.Рахматулла), «Кызылординские вести» (И.Корнилов) газеттері, аудандық және қалалық газет редакторлары судағы қауіпсіздік шаралары туралы мақалалар жариялануын ұйымдастырсын.

4 4. Аудандар мен Қызылорда қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары:

1 1) облыстық судан құтқару қызметі (С.Ұзақбаев) және Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау басқармасымен (Ж.Тәуекелов) бірлесе отырып, шағын қайықтарды пайдалануға рұқсат, лицензиялар тек жеке құтқару құралдары бар болған кезде ғана берілуін қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.

5 5. Облыстық судан құтқару қызметі (С.Ұзақбаев):

1 1) ішкі істер органдарымен бірлесіп судың қауіпті жағаларында кезекшілік жүргізіп, қоғамдық тәртіпті және су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудың ережелерін бұзушыларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартсын;

2 2) облыстағы «Су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудың міндетті ережелеріне» сәйкес жағажайлардағы су астына зерттеу, тексеру, тазалау жүргізіліп, бұл жұмыстар атқарылғаннан кейін жағажай құжаты берілсін;

3 3) жылжымалы-іздестіру тобын жоғары дайындық тәртібіне көшіріп, оны тұрақты жанармай қорымен қамтамасыз етсін;

4 4) су айдындарына жақын орналасқан барлық балалар лагерлерін бақылауға алып, оларға қауіпсіздік қалғандары мен құтқару бұрыштарын жабдықтауға тәжірибелік көмек көрсетсін.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К. Нүрекешовке жүктелсін.