Перейти к тексту документа

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы

Постановление · № 182 · принят 27.11.2003
Юридическая сила: Действует · редакция от 27.11.2003
https://adilet.kz/ru/laws/doc-17858/?version=17858_287017.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы Действует Постановление ·№ 182 ·27.11.2003

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы

ҚАЗҮкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы

Действует Постановление ·№ 182 · принят 27.11.2003

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы
Наименование (каз.)
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
182
Дата принятия
27.11.2003
Показанная редакция
27.11.2003 · действующая 17858_287017.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
27.11.2003
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V03Z0002378
Идентификатор ЭКБ
17858
Идентификатор редакции
17858_287017
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:47

0 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылдың 17 наурыздағы № 253 қаулысын іске асыру мақсатында аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрылсын, оның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.

2 2. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).

3 3. Осы қаулының орындалуын өз бақылауыма аламын.

4 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімиятының
2003 жылғы 27 қарашадағы
№ 182 қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Консультативтік-кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.

2 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.

3

3. Кеңестің төрағасы - аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына ішкі саясат және әлеуметтік сала сұрақтары жөніндегі аудан әкімінің орынбасары, аудандық мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясында бекітіледі.

2 2. Кеңестің негізгі міндеттері

4 4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңестің негізгі міндеттері:

1 1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді аймақтық саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды анықтау және ұсыныстарды әзірлеу;

2 2) үкіметтік емес ұйымдарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру- техникалық қолдау көрсетудің кешенді жүйесін жасауға жәрдемдесу;

3 3) жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы және өзара іс-әрекеттестігі жүйесін жетілдіру;

4 4) Кеңестің құзыретіне кіретін өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, тиісті ұсынымдарды әзірлеу;

5 5) әлеуметтік маңызы бар жобаларды және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және қарауға қатысу;

6 6) үкіметтік емес сектордың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу, аудандық үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру;

7 7) үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің төркінің жан-жақты көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу;

8 8) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

9 9) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне арналған конференцияларға, мәжілістерге, семинарларға қатысу.

3 3. Кеңестің өкілеттігі

5 5. Кеңес өзінің құзыреті шеңберінде мыналарға құқылы:

10 10) өзінің мәжілістерінде аудандық атқарушы органдарының басшыларын, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін таңдайды;

11 11) аудандық атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты ақпараттар сұратады;

12 12) Кеңестің мәжілістерін әзірлеуге, бағдарламалық құжаттарды даярлауға қатысу үшін беделді және кәсіби даярлығы бар, жұртшылықтың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін штаттан тыс сарапшы ретінде тартады;

13 13) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық, талдау, әдістемелік және басқада ақпараттық материалдарды жолдайды;

14 14) Кеңес азаматтардан түскен өтініштерді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындысы жөніндегі материалдарды осы мәселелер бойынша шешім алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға немесе лауазым иелеріне жібереді.

4 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

6 6. Кеңес төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құралады.

7 7. Кеңестің төрағасы Кеңестің мәжілісін жүргізеді, Кеңестің хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды, мәжіліске енгізілетін мәселелерді айқындайды, басқа да ұйымдастыру басқарушылық міндеттерді орындайды. Кеңестің төрағасы болмаған кезде оның міндетін орынбасары атқарады.

8 8. Кеңестің мәжілісі тоқсан сайын өткізіледі. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес отырысында бекітіледі.

9 9. Кеңестің мүшелері қаралған мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар түсіруге, ескертулер айтуға құқылы.

10 10. Кеңес мүшесінің өз өкілеттігін мәжіліске қатысу үшін басқа адамға беруге құқығы жоқ.

11 11. Кеңестің шешімі ұсыныстық сипатта болады.

12 12. Кеңестің шешімі мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болады.

13 13. Кеңес жұмысын ұйымдық жағынан қамтамасыз етуді ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.