Перейти к тексту документа

Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы

Постановление · № 142/118 · принят 15.05.2006
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 15.05.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-28314/?version=28314_354391.kaz
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы Утратил силу Постановление ·№ 142/118 ·15.05.2006
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы

ҚАЗЖангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 142/118 · принят 15.05.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы
Наименование (каз.)
Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
142/118
Дата принятия
15.05.2006
Показанная редакция
15.05.2006 · действующая 28314_354391.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
15.05.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06NI000038
Идентификатор ЭКБ
28314
Идентификатор редакции
28314_354391
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:25

0 Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3, 8, 12-баптарына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты мен Жангелдин ауданының әкімдігі ШЕШТІ және ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1 1. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің қарауына төменгі ұсыныстар енгізілсін:

Тұрғындары басқа жерге қоныс аударуына байланысты Жангелдин ауданы бойынша төмендегі елді - мекендер таратылсын:
- Саға ауылдық округінің Алтынсарин селосы;
- Сужарған ауылдық округінің Бәйтемір селосы;
- Амангелді ауылдық округінің Құмкөл селосы;
- Қалам - Қарасу ауылдық округінің Жаңақұрылыс селосы;
- Жангелдин ауылдық округінің Қуат селосы;
- Албарбөгет ауылдық округінің Қарақоға селосы.

2 2. Жангелдин ауданының төмендегі ауылдық округтері селолар санатына өзгертілсін:

- Сужарған ауылдық округі - Сужарған селосы;
- Жангелдин ауылдық округі - Аралбай селосы болып қайта құрылсын.

3 3. Жангелдин ауданы Амангелді ауылдық округінің шекаралары өзгертіліп, құрамына жер пайдалану шекараларының шегінде Жаңақұрылыс селосының (жалпы аумағы 3929 гектар) аумағы қосылсын.

4 4. Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі Көлқамыс селосының шекаралары өзгертіліп, құрамына жер пайдалану шекараларының шегінде Қарақоға селосының (жалпы аумағы 5449 гектар) аумағы қосылсын.

5 5. Таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктер Жангелдин ауданының әкімдігімен Жангелдин ауданының мәліметтер есебінен шығарылсын.