Перейти к тексту документа

Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы

Положение · № 2/29 · принят 11.10.2007
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-35880/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы Утратил силу Положение ·№ 2/29 ·11.10.2007
Редакция от 11.10.2007
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 11.10.2007. Это последняя редакция в корпусе.

Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы

Утратил силу Положение ·№ 2/29 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
Наименование (каз.)
Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
2/29
Дата принятия
11.10.2007
Показанная редакция
11.10.2007 · действующая 35880_477452.kaz
Последнее изменение
11.10.2007
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V07M0001988
Идентификатор ЭКБ
35880
Идентификатор редакции
35880_477452
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 15:00

0 Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасыңдағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі» бекітілсін.

2 2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі втомобиль жолдары
бөлімі мекемесінің бастығы Қ.Чаркатбаева
10.10.2007 жыл

3 Аудандық мәслихаттың

2007 жылғы 11 қазандағы
№ 2/29 шешімімен бекітілген
Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ

1 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1 1. Осы ереже Мұнайлы ауданы аумағындағы иті мен мысығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.

2 2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1)ит - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кез- келген жануарлар;

2 2)мысық - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез-келген жануарлар;

3 3)ит пен мысиқтың иесі - жеке немесе басқа да иелігінде иті немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.

3

3. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелердің міндетті аулауына жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады.
Үш күннің ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелерге немесе ішкі істер органдарына хабарласуына болады.

2 2. ИТТЕР МЕН МЫСЫҚ ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІМЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

4 4. Кез-келген ит пен мысық иесінің меншігі больш табылады және кез-келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

3 3. ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫ КҮТІП-ҰСТАУ

5 5. Рұқсат етіледі:

1 1)жануарларды тұрғын үй-жайларында, соның ішінде пәтерлерде ұстауға;

2 2)иттерді тек қана қысқа қарғы баумен және тұмылдырықпен көшеге, аулаға, өзге қоғамдық орындарға шығаруға;

3 3)қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар сақталған болса, мысықтар мен иттерді көліктің кез-келген түрімен алып жүруге;

4 4)тасымалданатын ит тұмылдырықта және қысқа тізгінде болуы қажет;

5 5)тасымалданатын мысық жабық кәрзеңкеге немесе жәшікке салынуы қажет;

6 6. Тыйым салынады:

1 1)қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын орындарға, мас күйіндегі азаматтарға, 14 жасқа дейінгі балаларға ірі иттерді қыдыртуға;

2 2)жануарларды жалпы пайдаланатын орындарда күтіп-ұстауға: кіре берістерде, баспалдақ алаңдарында;

3 3)жануарлармен кіре берістерді, баспалдақ алаңдарды, спорт, балалардың алаңдары, көгалдарды, аяқжолдарды, саябақ пен гүл бақтарының аумағын ластауға, егер жануар осы жерлерде нәжістерін қалдырса, оны жануарлардың иелері тазалауға міндетті;

4 4)қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, сауда залдарына және азық-түлік дүкендерінің өндірістік жайларына иттер мен мысықтарды күтіп-ұстауға және өткізуге;

5 5)тұрғындар (адамдар) шомылу үшін бөлінген орындарда жануарларды шомылдыруға.

7 7. Иелерінің дүкеннің, емдеу орындарының, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарыньщ маңында байлап қалдырғаннан басқа, қоғамдық орындарда шығарып салатын тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қадағалаусыз қалған деп саналады және арнайы қызметкерлермен аулауға жатады.

8 8. Тұрғын үйлер маңында жануарларды шығарған кезде иелері тыныштықты сақтағаны жөн.

4

4 4. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІСАҚТАМАҒАНЫ ҮШІН ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫҢ ^ ИЕЛЕРІНЕ Ж АУ АПКЕРШІЛІК

9 9. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Действующая