Перейти к тексту документа

Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы

Постановление · № 275 · принят 11.06.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 11.06.2008
https://adilet.kz/ru/laws/doc-41048/?version=41048_317044.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Действует Постановление ·№ 275 ·11.06.2008

Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы

ҚАЗАз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы

Действует Постановление ·№ 275 · принят 11.06.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
275
Дата принятия
11.06.2008
Показанная редакция
11.06.2008 · действующая 41048_317044.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
11.06.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08MF000062
Идентификатор ЭКБ
41048
Идентификатор редакции
41048_317044
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:19

0 Аз қамтылған және аса мұқтаж

азаматтарға бір жолғы
материалдық көмек көрсету
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бір жолғы материалдық көмек (бұдан әрі-көмек):

аз қамтылған отбасыларға;
тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандарға алғашқы жылдары жағдайын түзету үшін;
тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтарға;
аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне көрсетіледі.

2

2. Көмек табыс мөлшеріне қарамастан азаматтардың өтініші бойынша ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің қиын кезеңдерінде: отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, облыстан тыс жерде емделуге материалдық жағдайы келмесе, отбасына материалдық залал келтірген өрт болған жағдайда және басқа да қайғылы оқиғалар болғанда және аз қамтылған азаматтарға жылына бір рет беріледі. Ерекше жағдайларда қайта тағайындалады, алайда жылына екі реттен артық болмауы тиіс.

3 3. Көмек тағайындау бойынша Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады. (бұдан әрі-уәкілетті орган).

4

4. Аз қамтылған отбасыларға, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын қатарларына, аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спор, халықты әлеуметттік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне көмек алуы үшін аудан әкімінің немесе оның орынбасарының атына өтініш және қосымшаға сәйкес құжаттарын тапсыруы қажет.

5 5. Көмек алушылар тапсырылған құжаттардың, мәліметтердің дұрыстылығына жауапкершілік тартады.

6 6. Уәкілетті орган қызметкерлері өтініш берушінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, көмек тағайындауға негіз болған деректі оқиғаға тексеру жүргізеді. Көмек тағайындау кезінде отбасы құрамында оның кәмелетке толмаған балалары, көмек алушыдан басқа асыраушының жоқтығы ескеріледі.

7 7. Көмек төлеуге шешім қабылданғаннан кейін, тізім жасақталады және алушының мекен жайы бойынша есеп шотына аударылады.

8 8. Уәкілетті орган тағайындалған көмектің уақытылы аударылуына жауаптылық тартады.

9 9. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.

10 10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
С.Қани _____
Аудандық экономикалық және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл.
Шүкірбаева Д.С ________
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл.

11 Түпқараған ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 11.06.
№ 275 қаулысына қосымша
Бір жолғы материалдық көмек алуына құжаттар тізбесі

1 1. Тұрақты мекен жайын анықтайтын тұрғындарды тіркеу кәтабы.

2 2. Өтініш берушінің жеке куәлігі, отбасы мүшелерінің құжаттары

3 3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

4 4. Алушының және отбасы мүшелерінің материалдық көмек алу мәртебесі бар екендігін дәлелдейтін құжат.

5 5. Зардапты оқиғаны дәлелдейтін құжаттар (анықтама, куәлік,емделуге берілген жолдама жіне т.б)

6 6. Әлеуметтік, материалдық ауыр жағдайдыкуәләндыратын басқа да құжаттар.