Перейти к тексту документа

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы

Постановление · № 156 · принят 14.04.2010
Юридическая сила: Действует · редакция от 14.04.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-52226/?version=52226_194622.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы Действует Постановление ·№ 156 ·14.04.2010

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы

ҚАЗМүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы

Действует Постановление ·№ 156 · принят 14.04.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы
Наименование (каз.)
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
156
Дата принятия
14.04.2010
Показанная редакция
14.04.2010 · действующая 52226_194622.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
14.04.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10DP000109
Идентификатор ЭКБ
52226
Идентификатор редакции
52226_194622
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:29

0 Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау" туралы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын әр отбасына қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тоқсанына, сол кездегі айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшері көлемінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне, немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін. Ал әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берген күннен бастап төленсін.

3

3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі /Азат Жапарұлы Жақыбай/ тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуінің немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетілген өтінішінің негізінде (екінші деңгейдегі банк немесе лицензиясы бар,осындай қызмет атқарылған мекемелер арқылы) мына төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда әлеуметтік көмекті тоқсан сайын төленуін қамтамасыз етсін:

1 1) өтініш (әр тоқсанға);

2 2) өтініш иесінің жеке куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін оралманның куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код (көшірмесі);

3 3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігі (көшірмесі);

4 4) дәрігерлік әлеуметтік комиссиясында мүгедектігін куәландырылғаны туралы белгіленген үлгіде анықтама (көшірмесі);

5 5) өтініш иесі мен мүгедек баланың тұрып жатқан мекен-жайы туралы анықтама (әр тоқсанға);

6 6) мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы облыстық білім департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы;

7 7) мүгедек баланың үйде оқитынын дәлелдейтін оқу орнынан берілген анықтама.

4 4. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова) аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.